Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туралы айтылды — Қазақстан жаңалықтары
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«1942 жылы туған әйел, Шымкент қаласының Абай ауданының тұрғыны . 78 жастағы науқас ЖРВИ, пневмония диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел медициналық жәрдем желісі бойынша жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы анықталды», — деді басқармада.
29 сәуірде науқас реанимация бөліміне ауыстырылып, ауыр жағдайға байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды.
Ілеспелі аурулар: 3-дәрежелі артериялық гипертензия, жоғары қауіп тобы, созылмалы бронхит. Емдеу хаттамасына сәйкес пациентке емдеу шараларының толық көлемі жүргізілді.
«Жүргізілген реанимациялық іс — шараларға қарамастан, 3 мамыр күні сағат 10:20 — да науқас қайтыс болды», — деді медицина қызметкерлері.
stan.kz