Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас 6 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пациент

1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны.

65 жастағы азаматша 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған.

Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастың қосалқы аурулары: өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.

stan.kz