Шымкентте коронавирустан көз жұмған адам туберкулезбен ауырған – Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қалада коронавирустан көз жқмған адам туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Шымкентте 1964 жылы туған науқас көз жұмды. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атамекен ауылының тұрғыны. Науқас 3 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, ол жүк көлігінің жүргізушісі болған және Мәскеу-Алматы бағытында жол жүрген. Шымкент транзиттік қаласында ол қызуының көтерілгеніне байланыс жедел жәрдемге жүгінген және шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ, емделушіде қант диабеті, артериялық гипертония ілеспе аурулары болды. Науқас туберкулезбен ауырғаны анықталды», – деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

Оның айтуынша, бүгін түнде реанимацияда емделушінің жағдайы нашарлаған. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас көз жұмған.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз