Шымкентте коронавирусқа шалдыққан 8 науқас — қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирусқа шалдыққан 8 адамның ауруды кімнен жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.

Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде қалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелгені айтылған еді. 

stan.kz