Шымкентте коронавирус жұқтырған екінші адам алғашқы науқастың анасы екендігі анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Шымкентте коронавирус жұқтырған екінші адам бірінші науқастың анасы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласында коронавирусқа шалдыққан екі науқас бар.
1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді.
Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.
25 наурыз күні диагнозы расталған азаматша — кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.
stan.kz