Шымкентте коронавирус жұқтырған азаматпен бірген келген қалааралық автобустың жолаушылары іздестірілуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан азамат келген қалааралық автобустың жолаушылары іздестрілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автоубс

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Шымкентте тіркелген алғашқы науқас Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қалааралық автоубспен келген.

«Науқастың қандай автобуспен келгені белгілі болды. 51 жолаушының 35-і табылып, карантинге жіберілді. Қалған 16-сы жақын арада анықталып, диспансерге жіберіледі», — деді Абаев. 

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманат Төлебаев коронавирус жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылды деп мәлімдеген болатын. Алайда, атап өтерлік жайт, елордалық «Сапаржай» автобекеті қалааралық автобустың жолаушылары жайлы деректерге ие емес көрінеді.  

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ауруға шалдыққан екінші науқас жайлы айтылған еді. 

 

 

 

 

stan.kz