Шымкентте көпқабатты үй өртеніп жатыр (видео)

0

Оқиға «Нұрсәт» шағынауданында орын алған, деп хабарлайды ЭК.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт қазіргі таңда ауыздықталған, бірақ толық сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Тұрғындар толық эвакуацияланған. «101» пульті қызметіне келіп түскен хабарлама бойынша, өрт 9 қабаттың үйдің 8-пқабатындағы пәтерден шыққан.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Аталған шағынаудан тұрғыны әрі оқиға куәгері Мақпал Сауранбекованың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Адамдар дер кезінде сыртқа шығып үлгеріпті. Айтуынша, өрт 7 немесе 8-қабаттан шыққан. Болжам бойынша, терезеден жайылған көрпеге шылым шоғы тиген болуы мүмкін.