Шымкентте көпбалалы ата-ана ұйқыдан оянып, 5 жасар ұлының жоғалғанын білген
Полиция қызметкері үйден «қашқан» бес жасар баланы отбасына қайтарды
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Шымкентте тәртіп сақшылары жоғалған бес жасар баланы табуға көмектесті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға өткен жұмада, 10 тамыз күні Абай ауданының Игілік елді мекенінде болған.
©
Photo : департамент полиции Шымкента
Шымкенттік полиция қызметкері Мұзафар Әбдірахманов жоғалған баланы тапты
Алты баланы тәрбиелеп отырған ата-ана таңертең ұйқыдан оянып, бес жасар ұлының жоғалғанын біледі. Алдымен оны өздері іздеген, тек сағат 15.00-де полицияға хабарласқан.
Полицейлер көшелерді аралап, көршілерден сұрастырып, баланы төрт сағаттан астам уақыт бойы іздеген.
Тағы оқыңыз: Түркістандық жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалған
Ақырында елді мекеннің учаскелік инспекторы Мұзафар Әбдірахманов ауыл көшелерінің бірінен кішкентай қашқынды тауып алады.
Полицейлер ата-анамен профилактикалық әңгіме өткізді. Ал олар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
sputniknews.kz