Шымкентте көп балалы аналар әкімдікте тағы да шу шығарды

0

Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баспаналарын талап етіп келді. Олардың айтуынша, кезек алты ай бұрын келсе де, үйдің кілтін әлі алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

«Менің алты балам бар. Тұрғын үй кезегінде жеті жылдан аса түрдым. Біздің кезегіміз келді, бірақ өткен жылдың қазан айынан бастап шенеуніктер тек уәде береді: олар келесі айдың 15-інде  пәтер аласыз дейді. Неге бізге үміт береді? Қалай бар, солай айтсын», — деді жалғызбасты ана Айгүл Құраласпаева.

Әкімдікте 70-ке жуық көп балалы ана жиналды. Олар сұрақтарына жауап алмайынша кетпейтінін айтты. Әйелдерді әкімнің орынбасары Ерғали Білісбеков қабылдады. Ол көп балалы отбасылар кіретін үй салынып бітті деп сендірді. Кішкентай кемшіліктерді жою қалады.

«Көп балалы 378 отбасы болады, 1 сәуірге дейін бұл үйлер таратылып, пәтерлер беріледі. Қазір тарату мәселелері бар, біз тізімді нақты қадағалаймыз, біз ретке келтіреміз және осының бәрін таратамыз. Биыл көп балалы отбасылар үшін жыл соңына дейін тағы 444 пәтер жоспарланған», — деді  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.