Шымкентте кондуктор автобусқа сыймаған екі әйелді күштеп шығарып жіберді
Instagram желісінде адамға лық толы автобустан екі әйел адамды белгісіз бір еркектің күштеп түсіріп кеткен видеосы тарап кетті.
Осыған орай Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді. Мамандардың айтуынша оқиға №65 әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көлікте орын алған. Әлеуметтік желіде жазба тарай бастағанда жауаптылар аталған бағытта қызмет көрсететін компания өкілдерімен хабарласып, жүргізушімен де, кондуктормен де, оқиғаның куәгерлерімен де сөйлесіпті.
Кондуктордың айтуынша автобуста аяқ қоятын жер болмағандықтан есігі жабылмай қалған. Сол шақта екі әйел түсіп қалмақты құп көріпті. Оларға жолаушылардың бірі көмек көрсетпек болған. Бірақ бұл жұлқып түсіргендей көрініп қалған. Автобустан түскен екі әйел азаматшалар жүргізушіге де, кондукторға да ешқандай шағымы жоқ екенін айтыпты.
Басқармадағылар «бұрын аталған бағытта өте аз жолаушы ғана тасымалдай алатын автобустар қызмет көрсеткен. Кейін «Санжар моторс» ЖШС-і 80 жолаушыға арналған жаңа автобустарды бағытқа қойды. Қазіргі уақытта №65 бағыттың уақыт аралығы 10 минутты құрайды. Автобусқа аяқ арту мүмкін еместігін көрген жолаушылар келесі автобусты күтулеріне де болар еді» дейді.
Дереккөз: otyrar.kz