Шымкентте көлікпен қарсы бағытта жүйткігендер ұсталды (фото, видео)

0

Шымкентте көлікті жолдың қарама-қарсы бағытына шығып айдаған тәртіп бұзушылар ұсталды. Бұл туралы «Отырар» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Қонаев көшесінде жол тәртібін бұзып, қарама-қарсы бағытта жүрген екі автокөлік жүргізушісінің видеосы тараған еді.

Көп уақыт өтпей Шымкент полициясы қауіпті челленджді жалғастырған азаматтарды ұстады.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

«Жол-патрульдік полициясы жедел түрде тәртіп бұзушыларды ұстау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қолданды. Көлік жүргізушілерімен жол ережесін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», -деп хабарлады Шымкент полиция депаратменің баспасөз қызметі.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Анықталғандай, «Лексус 570» және «Крайслер» көлігін жүргізушілері «Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексінің төрт бабы бойынша тәртіп бұзған.

Енді азаматтарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы шешімді сот қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қарама-қарсы бағытта жүйткіген Роллан Назар алты айға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

Жол тәртібін бұзғаны үшін кешірім сұраған ол жеті тәулікке қамауға да алынған.

Артынша танымал жазушының немересі көрсеткен тәртіп бұзушылықты тағы бір жігіт қайталап, жолдың қарама-қарсы бағытында жүйткіген.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!