Шымкентте карантин уақытын ұзартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкенттің бас санитар дәрігері карантинді 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«COVID-19 сырқаттанушыларының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылғы 25 мамырда 07 сағат 00 минуттан 2020 жылғы 8 маусымда 00 сағат 00 минутқа дейін карантин және шектеу шараларын  ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының тұрғындарына, ұйымдарының, кәсіпорындарының басшыларына меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:
1) екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде маскаларды міндетті түрде алып жүру және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі.;
2) аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне бетперде тағып, екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі.;
3) саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
4) қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маскаларды, қолғаптарды киіп жүру және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;
5) мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар мен қызмет көрсетулерді өткізуге тыйым салынады.;
6) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, персонал мен келушілердің карантин талаптары мен шектеу іс-шараларының сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін».

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

stan.kz