Шымкентте Ираннан әкелінген зарарланған көкеністерді сатпақ болған – Қазақстан жаңалықтары

0
31

Шымкентте дәл қазіргі уақытта коронавирус өршіп тұрған Ираннан әкелінген көкөністерді сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Шымкент

Бірақ мәселе көкөністерде емес, қауіпті зиянкестер – батыс гүл трипсі. Дегенмен, тексеру барысында жәндіктердің жоқ екені анықталды.

Көкөністер тексерілгеннен кейін 60 тоннадан астам қияр тәркіленді. Зарарланған көкөністер полигонда жойылды, ал кәсіпкерге 80 мың теңгеге айыппұл салынды.

Сарапшылардың айтуынша, зиянды жәндіктер адам үшін қауіп төндірмейді. Ал ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Трипс өнімнің 70%-ын жоюға қабілетті.

«Егер зарарланған өнімді жоймаса, онда қауіпті жәндіктер тез тарайды. Одан зиян өте үлкен. Ол біздің қалада жылыжай шаруашылықтарына, жеміс-көкөніс дақылдарына зиян келтіруі мүмкін», – деді Шымкент қаласының агроөндірістік кешендегі МИК аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

stan.kz