Шымкентте футболшыларды дайындауға 3 млрд теңге жұмсалмақ

0
58

Шымкентте футболшыларды дайындау үшін үш миллиард теңге жұмсамақ, деп хабарлайды DalaInform.

Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында байқау жариялады. Футбол командаларын жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындауға байланысты.

Тәсілі: өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу. Шақырылған жеткізуші – «Ордабасы»ФК.

Скрин: dalainform.kz

Әлеуетті өнім берушінің алдында үш негізгі міндет тұр:

1. Премьер-Лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында, 2021 жылғы маусымда ҚР Кубогының ұтыс ойынында ойнау;

2. Балалар-жасөспірімдер және жастар футболын дамыту;

3. Әйелдер футболының дамуы.

ҚР премьер-лигасына қатысу үшін команданы басқа елдердің командалары қатарынан (легионерлер) «ең мықты кәсіби футболшылар» жасақтайды. Оқу-жаттығу жиындары алыс және жақын шетелдерде: Түркия (Анталия қ.) және Өзбекстанда өтеді.

Дене шынықтыру басқармасын Олег Почивалов басқарады. Жақында оның қос азаматтығы бар екені белгілі болған еді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мәні жоқ екенін, ал миллиардтаған теңге оларды қолдауға тиімді жұмсалмайтынын мәлімдеген еді.