Шымкентте футбол жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды (видео)

0

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға орнына барған полиция 20 адамды ұстап әкеткен, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желілерде топ-тобымен жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тарады. Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік жасаған 20 адам ұсталған. «Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алған. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», — деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.