Шымкентте есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің 7 қызметкері лауазымынан босатылды – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Шымкент қаласында екі подполковник, үш майор және екі полиция капитаны іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

«Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Шымкент қаласы ПД бастығының бұйрығымен Шымкент криминалдық полиция басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М. Мейірбеков, Шымкент есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция подполковнигі Н. Нарбаев, полиция майоры Қ. Тойымбетов, Қ. Нұрғали, Е. Тоқмағанбетов, полиция капитаны К. Ергешбеков, Ж. Ханазаров қызметінен босатылды», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Биғайдаров.

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде де аталған ақпаратты растады. Олар іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған. Алайда, орган қызметкерлері жұмыстан шығарылған жоқ, олар жүйеде, резервте қалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, төрт айдың ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «қылмыстық құқық бұзушылықтың және басқа да заң бұзушылықтардың туындауына себеп болған жағдайларды жою туралы» бабы шеңберінде 251 ұсыныс енгізілді.

«Оларды қарау нәтижелері бойынша 149 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 36-ы қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 30-ы қызметінен босатылды, 16-ы жұмыстан шығарылды», – деді Биғайдаров.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз