Шымкентте ене мен келін ковидтен бір күнде қайтыс болды – құрсақтағы бала аман қалды
Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады Otyrar.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған.
Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен, дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.
«Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық», — дейді Бақытжан Пазылов.
Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмды. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтады.