Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды – Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қаласында екі адам газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

газ

24 ақпан күні сағат 7: 51-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының кезекшісінен алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісінен уланып, көз жұмды деген хабар түскен. 

«Шақырылған жерге келген авариялық бригада тексеру кезінде ас үйде екі конфоркалы газ плитасы мен «DUBAI» маркалы ағынды су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Түтін шығаратын жалғағыш құбыр (гофра) ағынды су жылытқыштың қысқа құбырынан ажыратылған. Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда», – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» баспасөз қызметінде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз