Шымкентте Disneyland салынады | КТК

0
Шымкентте Disneyland салынады


Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты.

Шымкентте Disneyland пен үлкен аквапарк салынады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды Today.kz.

«Менің ойымша, тек Шымкентте ғана осындай үлкен аквапарк салуға болады. Бізде Disneyland-те хоббиттерге арналған үй тәрізді қонақүй болады. Сыртында кішкентай есік, ішінде үлкен ғимарат болады. Меніңше, балаларға қызық», – деді Әбдірахымов. 

Бұрын Disneyland, аквапарк, спа-орталықтар мен тау-шаңғы кешені, әйнек құрылым Шуче-Бурабай шипажай орнында ашылатыны хабарланған еді. Қазақ стиліндегі Disneyland Алматыдан 40 километр жерде болады. Жобаның бастамашысы — Happylon желісінің қожайыны.