Шымкентте бұзақылар автобусқа оқ жаудырды
Полицейлер қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыларды ұстады.
Шымкентте бұзақылар қоғамдық көлікке оқ атқан. Келеңсіз жағдай Алматы-Ташкент тас жолында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қараша күні белгісіз біреулер жолда кетіп бара жатқан «YOENG K 6108 hdh» маркалы автобусқа травматикалық қарудан оқ жаудырған.
«Полицейлер қоғамдық көлікке оқ атқан бұзақыларды ұстады. Олар — Түркістан облысының тұрғындары. Сезіктілерден айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!