Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

 Ірі кәсіпкердің жол талғамайтын көлігіне өткен жұма күні белгісіз біреу оқ жаудырған

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпкерді өлтіріп кетті, полиция қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция депртаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыс 19 шілде күні Арай көшесінде болған. Өңірлік Otyrar.kz порталы хабарлағандай, сағат шамамен 15.30-да бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне аңшы қаруынан оқ жаудырған.


©
Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента

Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу

Шымкент полициясы жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.


©
Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента

Криминалистикалық зертхана орналасқан автокөлік

Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.  



sputniknews.kz