Шымкентте білім басқармасының жемқор мамандары айыппұлмен құтылды

0

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке үкім шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Антикордың хабарлауынша, екі адамға 36 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.  Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, департамент білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтағаан. Мәселен, екі мектептің бухгалтері 2020-2023 жылдар кезеңінде өзінің жеке шотына мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорына бөлінген 67 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған.

Жымқырудың ұқсас схемасы №2 мектепте қолданылған. Онда 6 жылдан астам уақыт бойы директор, бас менеджер және бас бухгалтер бірлесіп жұмыс істеген.

«Сонымен қатар, мектеп директорлары мен олардың қарамағындағылардың командалық қозғалысы айтарлықтай жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді», — делінген хабарламада.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық білім беру саласындағы бұзушылықтардың алғышарттарын жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді.

Антикор Шымкентте бейінді басқармалар тарапынан мониторинг түріндегі білім беру мекемелерін негізсіз тексеру мүмкіндігі алынып тасталғанын, мемлекеттік білім беру тапсырысын алушылар тізбесіне енгізу жөніндегі Комиссия мүшелерін жасанды ұлғайту схемасы жойылғанын, gosreestr.kz электрондық алаңды айналып өту үшін үй-жайларды жалға беру практикасы тоқтатылды. 54 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Тек бір компания мектеп асханаларын цифрландыру бойынша қызметтер көрсеткені аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті бәсекелестікке қарсы шарттарды бұзу бойынша ұйғарымдар енгізген.