Шымкентте бес ай бұрын жоғалып кеткен 14 жасар қыз табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында жарты жылға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен мектеп оқушысы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қыз

Тоғызыншы сынып оқушысы осыдан бес ай бұрын Түркістан облысында орналасқан аудандық интернаттан қашып кеткен. Қыз баланың жоғалғаны туралы өтінішті оқу орнының меңгерушісі берді.

Осы факті бойынша полиция бірден іздестіру ұйымдастырып, оны осы уақытқа дейін жалғастырды.

«Жедел уәкілдер оның таныстарының шеңберін пысықтап, оның мүмкін болатын орналасқан жерін тексеріп, бағдарды таратып, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды. Жоғалған баланы іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімі мен Түркістан облысы полиция департаментінің басқа да бөлімшелерінің жеке құрамы қосылды», — деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, тоғызыншы сынып оқушысы кешкі астан кейін тәрбиешінің көмекшісінен әжетханаға баруға сұранған, алайда кері қайтпады. Бес айдан кейін, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полицейлері Шымкент қаласында жоғалған оқушы қызды тауып, ата-анасының үйіне қайтарды. 

14 жасар қыздың сөзінше, ол осы уақытқа дейін Шымкентте тұрып, жұмыс істеген.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

stan.kz