Home Жаңалықтар Шымкентте базар қоймасы өртеніп жатыр

Шымкентте базар қоймасы өртеніп жатыр

0
317

Шымкентте қосалқы бөлшектер сататын базар қоймасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен.

«Абай ауданы, Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-і автобөлшектер базарының аумағында орналасқан қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр автобөлшектер мен аксесуарлар жанды. Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Бірақ әлі толық сөндірілген жоқ» делінген хабарламада.

Кейіннен хабарлағандай, базардан шыққан өрт сағат 01:23-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.