Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды – Қазақстан жаңалықтары

0
14

Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

банк

«17 наурызда қылмыс болып, банк филиалына шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Шымкенттің полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция басқа да деректерді жарияламады.

Қарақшылық шабуыл Мангельдин көшесінде орналасқан банк бөлімшесіне болғаны белгілі. Сағат 15.00-де, куәгерлердің айтуынша, банк аумағы сары лентамен қоршалған, полиция қызметкерлерімен күзетіп тұрған және ішке ешкімді жібермеген. Бірнеше минуттан кейін куәгерлердің көзінше адамдар ғимараттан қолына кісен салынған ер адамды алып шыққан.

stan.kz