Шымкентте бала кір жуғыш машинаның ішінде қалып қойды
Қысқа сілтеме алу
Шымкентте құтқарушылар баланы кір жуғыш машинадан әрең шығарды. Оқыс оқиға 16 қыркүйек күні кешке болған
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттегі Асар-2 шағын ауданында 3 жасар бала жартылай автомат кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, шыға алмай қалған.
16 қыркүйек күні кешке шаһардағы Асар-2 шағын ауданының тұрғыны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің диспетчеріне хабарласып, ұлының аяғы кір жуғыш машинаның ішіне қыстырылып қалғанын айтқан.
«Ата-ана баласын кір жуғыш машинаның ішінен шығармақшы болғанмен, одан еш нәтиже болмаған», — дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі.
Оқиға орнына 4 құтқарушы шұғыл аттанған. Олар темір кесуге арналған қайшының көмегімен баланың аяғын кір жуғыш машинаның ішінен шығарған.
Бүгінде баланың жағдайы қанағаттанарлық.
sputniknews.kz