Шымкентте автокөлік көпірге соғылып, жолаушы өртеніп кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

«Audi 100» автокөлігі қатты жылдамдықпен көпірдің бетон тіреуіне соғылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Шымкент-Леңгір автожолында, Қапал батыр көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Audi 100» автокөлігі көпірдің бетон тіреуіне соғылған. Салдарынан автокөлік өртеніп кетті, деп жазды otyrar.kz.

Жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға куәгерлері алдыңғы орында өртенген мәйітті көргендерін айтуда.

Расталмаған мәліметтерге қарағанда, көлікте тағы екі адам болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды сөндірді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.



sputniknews.kz