Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

https://sputniknews.kz/images/1260/22/12602248.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200207/12771348/avtobus-zhurgizushsi-politsiya.html

Полиция қызметкерлері жол үстінде жанжал шығарып, автобус жүргізушісіне қол көтерген адамды анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері автобус жүргізушісін ұрған тұрғынды ұстады.   

Полицияның хабарлауынша, «Volkswagen Golf» автокөлігі мен «Kia Comby» автобусының жүргізушілері бір-біріне жол бермей, жанжал шығарған. «Volkswagen Golf» көлігінде отырған жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне қол жұмсап, бетінен бірнеше рет ұрады. Осыдан кейін олар оқиға орнынан асығыс кетіп қалған.

Жәбірленуші болған оқиға жайлы дереу полицияға хабарлайды.

«Бұл факті қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптама белгіленді», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция оның әрекетінің онша ауыр еместігін есепке алып, бұзақыны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

Тағы оқыңыз: Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады



sputniknews.kz