Шымкентте автобус коммуналдық қызмет жұмысшысын қағып өлтірді — Тосын жай

0

Шымкентте коммуналдық қызмет жұмысшысы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жол апаты Темірлан тасжолында болған. Қоғамдық көліктің жүргізушісі «Тұрмыс» ЛТД компаниясының шамамен 40 жастағы жұмысшысын қағып кеткен. Ол қала көшелерін, жол жиегі мен тротуарларды тазалау жұмыстарымен айналысқан. 

© Otyrar.kz

Жол -көлік оқиғасы болғанға дейін әйел адам өзіне берілген аймақты тазалау жұмыстарымен айналысып жатқан. Жұмысшының үстінде жарық шағылыстыратын жолақтары бар сарғылт жейде болған. 


© Otyrar.kz

Жол апаты болған жерге полицейлер шақыртылды. Қала көшелерін тазалауға шығатын жұмысшылар өз ісін таңғы алтыдан бастайтыны белгілі. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz