«Шымкентте автобус алты адамды қағып кеткен оқиға»: Жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкентте 2022 жылдың көктемінде бес адам қаза тапқан жантүршігерлік апатқа қатысты сот отырысы аяқталды. Бақылаудан шығып кеткен автобус жүргізушісін бес жылға бас бостандығынан және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылдың 8 сәуірінде Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кеткен.Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
Іс қылмыстық сотта ұзақ уақыт қаралды. Хайрулла Юлдашевқа жаяу жүргіншілердің өлімі үшін айып тағылды. Прокуратура хабарлағандай, ол автобуста қол тежегішті қоюды ұмытып кеткен. Жарыссөзде прокурор сотталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімімен жүргізуші 5 жылға сотталды.
«Мен жәбірленуші Дариға Сейдалиеваға келтірілген материалдық шығынды қанағаттандырамын», — деді судья үкімді.
Айта кетейік, Шымкентте Бәйтереков пен Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус алты адам қағып кеткен еді. Соның ішінде 17 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген болатын.
Жедел жәрдем қызметіне апат туралы хабар 8 сәуірде сағат 18:43-те қоңырау түскен.
фото: ғаламтордан