Шымкентте атыс болды – қаза болғандар бар

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қоршап алды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті Otyrar басылымы.

Басылымның хабарлауынша, куәгерлер екі адамның оқ атқанын айтқан. Олар қаруды оқиға орнына жақын маңдағы жерге лақтырып кеткен.  

Оқиға сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистері қоршап алды.

«Дәмхана маңында екі көлік: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350 тұрды. Көліктердің бірінде полицейлер теңге және доллармен қомақты ақша тапты», — деп жазады Otyrar.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан екі адам қаза болған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

№1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына төрт адам жеткізілді. Төртеуіне де бірнеше жерден оқ тиген.

Ұсталғандар бар.



sputniknews.kz