Шымкентте 80 адам карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте коронавирус жағдайы қолайсыз елдердің бірінші санатынан келген 80 адамға карантин жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Фармация ауруханасында 80 адам карантинде жатыр, барлығы басқа елдерден келген», — дейді Шымкенттегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасы.
Департамент барлық азаматтардың 1А санатындағы елдерден келгендігін түсіндірді.
«Бұл сау адамдар. 63 адам — Шымкент қаласына қонды. 17 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келді», — деп толықтырды департамент.
stan.kz