Шымкентте 63 жастағы ер адам қатыгездікпен өлтірілді: Полиция түсінік берді (видео)

0
40

63 жастағы ер адам қатыгездікпн өлтірілді. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған

Sputnik. Шымкент полициясы ер адамды ұрып өлтірген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Қылмыс 26 шілде күні жасалған, деп хабарлайды Рolisia.kz. Полция ақпарат 21.30-да түсті. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған. Ер адам жергілікті тұрғынды соққыға жығып, сол жерде қан-жоса етіп қалдырып кеткен.

Төтенше оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 63 жастағы ер адам зардап шеккенін анықтады. Күдікті ізін суытқан.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне  енгізілді.

Кейін ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-бөлігіне («адам өлтіру») өзгертілді.

Жергілікті полиция мен автоэкипаж бірлесе, 41 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.