Шымкентте 4 ай бойы жоғалып кеткен бала қайда жүргенін айтып берді

0
Шымкентте 4 ай бойы жоғалып кеткен бала қайда жүргенін айтып берді


Шымкентте 4 ай  бойы жоғалып кеткен бала қайда жүргені белгілі болды.

12 жастағы Руслан Нортураев полицияға өзі келіп,  осы уақыт аралығында қайда болғанын және үйден неліктен кеткенін толығымен айтып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жетінші сынып оқушысы 20 қараша күні  Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне келген. 

«Русланның сөзінше, әкесі мен өгей шешесі оған күш қолданып, үнемі қысым көрсеткен. Сондықтан ол үйінен кетіп қалған. Әкесі оның жоғалғандығы туралы полицияға тек 1,5 ай өткеннен соң ғана хабарлаған. Полицейлер шағым түскен соң еріктілермен бірлесіп Русланды іздеуге кіріскен», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полиция тарапынан  Русланның әкесін  жауапкершілікке тарту  туралы мәселе қарастырылуда. Ал, баланың өзі психолог-дәрігерлердің бақылауына алынды. Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспектор жасөспірімнің алдағы кезде осы отбасымен қалу -қалмауы бойынша анықтау шараларын жүргізуде.