Шымкентте 3 баланың өліміне кінәлі күдікті ұсталды – Қазақстан жаңалықтары

0
13

Шымкент қалалық полициясы үш баланың өлімінің себебін анықтап, күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

2019 жылдың 3 қарашасында Шымкентте белгісіз затпен улану салдарынан 4 жасар және бір жасар балалар қайтыс болды. Алдын-ала болжам бойынша, олар бұрын тұтынылған тағамнан (тұшпара) улану мүмкін деп болжанған. Осыған ұқсас оқиға 2020 жылдың 13 ақпанында болды. Сегіз айлық бала белгісіз затпен улану салдарынан қайтыс болған еді.

Екі факт Еңбекші аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және қазіргі уақытта ҚР ҚК 304-бабы (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр. Көптеген тергеу әрекеттерінің және қосымша тағайындалған сот-медициналық сараптамалардың нәтижесінде өлімнің себебін анықтауға мүмкіндік туды. Тәжірибелі тергеуші мен жедел қызметкерлердің іс-әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Ол 42 жастағы ер адам болып шықты. Қайғылы оқиғаға дейін күдікті өз үйлерінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикаттармен зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Ол ауылшаруашылық саласында қолдануға арналған «Имидаклоприд» затын қолданды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды және сот екі айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

stan.kz