Шымкентте 28 адам коронавирус жұқтырды: Елде соңғы анықталған жағдайлар туралы мәлімет берілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында және Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

коронавирус

Бұған дейін  Қазақстанда коронавирус бойынша 22 сәуір 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес коронавирус жұқтырған тағы 65 адам тіркелгені хабарланды. Оның ішінде Шымкент қаласында — 28, Маңғыстау облысында — 2, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Қостанай облысында -1, Павлодар облысында — 1.

Шымкент қаласында вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы – науқас адамдармен қарым-қатынаста болғандар. Олар карантиндік стационарда жатқан.

«Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр. Олармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар —  Ақтау қаласының 73 және 21 жастағы тұрғындары. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланысқан тізімінде болған, карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынама алынған.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған», — делінген хабарламада.

Павлодар облысында коронавирус Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғынынан анықталды. Ер адам дене қызуының көтеріліп, өзін жайсыз сезінуіне байланысты медициналық көмекке жүгінген.

«Сол себепті ауруханаға жатқызылған. Кейін оған пневмония диагнозы қойылды. 21 сәуір күні COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Онымен байланыс жасаған адамдар ортасы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған», — деді мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында.

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында коронавирусты тағы 1 адам жұқтырды. Ол 46 жастағы әйел, науқас адаммен байланыста болған.

Оның қарым-қатынас жасаған адамдары анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус Өскемен қаласының 49 жастағы тұрғынынан анықталған. Ол 21 сәуірде COVID-19 диагнозы қойылған адаммен жақын байланыста болғандықтан, тексеруден өткен. Сынама қорытындысы оның да коронавирус жұқтырғанын көрсетті.

«Эпидемиологиялық анамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Науқас оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынас жасаған азаматтарды анықтау және оқшаулау, эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ведомствода.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2135-ке жетті.

stan.kz