Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап қаза тапты

0

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап көз жұмды, деп хабарлады otyrar.kz.

Қайғылы оқиға «Фантазия әлемі» технопаркінде болған. Жас жігіт оқиға орнында жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, жас бала орта мектепті бітіріп, паркте жұмыс істеген. Саябақ қазір жабық, оқиғаның мән-жайы анықталуда.