Шымкентте 13 жасында тұрмысқа шыққан 12 баланың анасына көмек көрсетілді (фото) — новости Казахстана

0

13 жасында тұрмысқа шығып, бүгінде 12 баланың анасы атанған Айсұлу Жәлелқызы бұған дейін тұрмыс жағдайын айтып, халықтан көмек сұраған еді. Осыдан кейін әйелдің жанайқайын естіген Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көпбалалы анаға көмекке келген деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Басқарама жағдайы жоқ келіншектің отбасына азық түлік және киім кешек әкеп, көмек қолын созған.

Сонымен қатар бұл отбасы да атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына қосылмақ.

Сондай-ақ әйелдің жиырма жастағы тұңғышын басқарма қызметкерлері қысқа мерзімді оқу курсына жіберетін болды. Енді 34 жастағы ананың үлкені мамандықты меңгеріп жұмыспен қамтылмақ.

Басқармасы көпбалалы жанұяға барынша қолдау көрсетпек ниетте екендіктерін айтты.

Айта кетейік, 12 баланың үлкені 20-да болса, кішісі әлі 8 айлық нәресте. Қырық жастағы отағасының тұрақты жұмысы жоқ. Күнделікті кезікке жұмысқа жалданып, нәпақа табуда.

Аурушаңдығына қарамастан отбасын асыраудың қамында.

Еске сала кетейік, Айсұлу Жәлелқызы бұған дейін әлеуметтік жағдайын айтып, халықтан көмек сұраған еді.

Фото: Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Фото: Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Дереккөз: kaz.nur.kz