Шымкентке нағыз қыс мезгілі қашан келеді? — новости Казахстана
Шымкент қаласында нағыз қыстың ауа-райы ақпан айының ортасында байқалады деп хабарлайды Otyrar-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылымның хабарлауынша, республикалық маңызы бар үшінші қалада қаңтар айының соңында ауа-райы көктемдегідей болады.
Бірақ синоптиктер Шымкенте ауа температурасының нөлден төмендейтінін де болжаған.
Қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймақтарында аяз болып, ауа температурасы түнде 30-38 градус, күндіз 18-27 градусты көрсетіп тұр.
Көп ұзамай Орталық Азия арқылы циклон өтеді.
Солтүстіктегі антициклонмен бірге елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында қатты жел мен боран соғады.
Сол уақытта «қыстың суығы Шымкентке де жетеді» деп күтілуде.
Синоптиктердің айтуынша, күннің суытуы тек бірнеше күнге жалғасады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz