Шымкент жаңалықтары: адамның ішкі ағзаларын көшеде өртеп, қоқысқа тастаған
Медицина қалдықтарын жоюмен айналысатын ұйым ережені өрескел бұзған
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін медицина қалдықтарын Шымкент көшелерінде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
«Эколайф Астана» компаниясының қызметкерлері қалдықтарды жоюда ереже бұзғандығын тіпті жасырмайтын көрінеді – қолданылған шприцтер, ампулалар, тіпті ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртеліп немесе әдеттегі қоқысқа тасталған екен.
Анықталған деректер бойынша «Эколайф Астана» «Өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған сәйкес 60 АЕК (151 мың 500 теңге) айыппұл салынуы тиіс.
Тағы оқыңыз: Шымкентте емші 13 жасар баланы өлтіріп алды — видео
Ұйым бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзған болатын. Экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.
sputniknews.kz