«Шымкент жайлы Ресей де біледі»: Назима өз өмірінің қалай өзгергенін айтты

0

Ресейдің «Песни» жобасына қатысып, Тиматидің көзіне түскен шымкенттік әнші Назима Жәнібекова өзінің байқаудан кейінгі өмірі жайлы айтып берді. «Түнгі студия» бағдарламасына келген ару Шымкентті Ресейде де білетінін мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Назима Жәнібекова. Фото: ТНТ арнасынан кадр

Назима Жәнібекова. Фото: ТНТ арнасынан кадр
Source: Instagram

«Мәскеуде бәрі жақсы. Black Star-ға түскелі өмірім өзгерді. Шымкент жайлы енді Ресейде де біледі. Ешкім ренжітпейді», — деді Назима Жәнібекова.

Сондай-ақ, қазақстандық ару Қарағанды қаласында өткен концертінде қатты қобалжығанын жасырмады.

«Кеше Қазақстанға келдім. Қатты уайымдадым. «Қалай қарсы алады екен» деп қобалжыдым. Бірақ бекер уайымдаппын. Мені жақсы қарсы алды», — деп ағынан жарылды ол.

Айта кетейік, Назима Жәнібекова «Песни» байқауына қатыспай тұрып, отандық сахнада өнер көрсетті.

Бұрын тұрмыста болған шымкенттік ару бүгінде күйеуімен ажырасып кеткен. Қазір әншінің бір қызы бар.