Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

0

Қаскүнем құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Бұрын хабарланғандай, осы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласында өртенген үйден жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

«2019 жылдың 29 шілдесінде  жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізу  барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің  қызметкерлері қала тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаскүнем ауыр қылмыс жасағаннан кейін құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері  қаскүнемнің  ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.

Тағы оқыңыз: Жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді – видео

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру», 192-бабы «Қарақшылық» және 202-бабы «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

2019 жылдың 1 тамызында Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.



sputniknews.kz