Шымкент қаржы басқармасының экс-басшысы шартты мерзіммен құтылатын болды

0

«Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін» кінәлі деп танылған Шымкент қаласының бас қаржыгері сот шешіміне шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жаcап.

Өткен жылдың мамыр айында сот қаржы басқармасының басшысын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырған. Соттың мәліметінше ол Шымкент ӘКК-ға 1 млрд 118 миллион теңге шығын келтірген. Айыпталушы тарап сот шешімімен келіспеді. Оған шағымданғаннан кейін сотталушы шартты мерзіммен шектелді.

«Біз оны кінәлі деп таптық. Бұл іс шынымен резонанс тудырды, дегенмен сот оның кінәсі бар деген қорытындыға келді. Ұжымдық шешім болғанымен, біз оны әлі де кінәлі деп таптық. Дәл осы жерде біз оны үш жылға бас бостандығынан айырдық, тек қалалық сот үкімді өзгертті. Аппеляция оның үкімін бостандықты шектеуге өзгертті», — деді Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Алпысбай Нәлібаев.

Іс материалдары бойынша, 2019 жылдың соңында Шымкент қаласының оның бұрын «Шымкент ӘКК» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі бола отырып, 9 жаңа ғимараттағы пәтерлерді сатуға дауыс берді. Бұл ретте аталған тұрғын үйдің құрылысына 4 миллиард 800 миллион теңге жұмсалды, ал жалпы жиналыстың шешімі бойынша 3 миллиард 700 миллион теңгеге сатылуы тиіс. Қаржы басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс 2021 жылы қозғалды. Тергеу 8 айға созылды. Сондай-ақ сотқа «Шымкент ӘКК» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің тағы екеуі тартылды.