Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз таңдауын жасады
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайлауда өз таңдауын жасап, №231 сайлау учаскесінде дауыс берді.
“Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Президенті сайлауы өтуде. Еліміздің әрбір тұрғыны бұған бей-жай қарамайды деп сенемін. Қазақстан азаматы ретінде мен де өз таңдауымды жасадым”-деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласында бүгін заң талаптарына сай және заңда бекітілген мерзімде 311 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне толық таратылған.
Сайлау процессі заңда белгіленген тәртіпте өтуін тәуелсіз бақылаушылар қадағалауда.