Шымкент қаласында коронавирустан көз жұмған науқастың жайы белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

 науқас

 

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеуінше, 1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны.

Ер адам 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды.

Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.

stan.kz