Шымкент қаласында карантин екі аптаға ұзарды
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жұмабек Ержанов қала аумағында карантин мен шектеу шараларын екі аптаға ұзарту туралы қаулы шығарды.
«COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында қаулы етемін: Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын», — делінген құжатта.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдардың жаппай жиналуына байланысты (еске алу, той, мерейтой және т.б.) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
65 жастан асқан адамдарға қала бойынша қозғалысты шектеу тапсырылды. Маска режимін және екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
stan.kz