Шымкент қаласы прокуратурасында ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды

0

Кадрда бірнеше адамның прокурорларға айқайлап жатқаны, еденде жанып жатқан заттар, сондай-ақ жедел жәрдем шақырылғаны,  ес-түссіз жатқан әйел көрінеді, деп жазады Kznews.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, компанияға инвестор ретінде ақша салған жәбірленушінің әкесі өзін-өзі өртеп жібермек болған, бірақ кейін оны «лақтырып жіберген». Бұл ретте сот, туыстары айтқандай, олардың жағында болған жоқ. Іс бір жарым жылға созылып, халықтың шыдамы таусылды.

Прокуратура мен полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

фото: orda.kz