Шымкент қаласы әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды

0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Kznews.kz  тілшісі.

«21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған.