Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ауысты — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зам акима

Бұл лауазымға Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков ие болды.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, «Nur Otan» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы — Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

stan.kz