Home›Жаңалықтар›Шымкент пен Түркістанның Қазақстанда қалай және неге қалғаны мені таңғалдырады
Шымкент пен Түркістанның Қазақстанда қалай және неге қалғаны мені таңғалдырады
2 Шілде, 2022, 12:26
0
Ғалым Жақсылық Сәбитовтен бір жыл бұрын «Қанымыз бір болмаса да, ДНҚ жағынан қазаққа қай халық жақын?» – деп сұраған едім.
Ол кісі ойланбастан «Қарақалпақтар» — деп жауап берді. Тағы бір тарихшы маған «Қарақалпақтар да қазақ. Көшіп кеткен біздің тұқымымыз», — деді.
Ал 2009 жылы болған іс-сапарымда қарақалпақстандықтардың барлығы өзін қазақпын деп санайтынына көзім жетті.
Ешкім ешкімге міндетті емес. Тарихты кері қайтарып, қайта ойната алмаймыз. Бірақ кеңес үкіметінің шекараны қалайша белгілеп алғаны маған өте қызық болатын.
Мен Өзбекстанды қатты жақсы көремін. Біз жоққа шығара алмайтын тағы бір аксиома бар. Бұл мемлекет Орталық Азиядағы көрікті республика болды. Сонымен қатар Кеңестік Шығыстың бет-бейнесі ретінде бағаланды.
«Кеңестік Шығыс жұлдызы» Бұл ұран естеріңізде ме?
Ташкент қаласы сол кезеңдері өмір сүру деңгейінің ең жоғарғы көрсеткішімен, сапалы тауарлар мен өнімдерімен ерекшеленді. Ол кезде Алматы жайлы мүлдем әңгіме болмаған. Мен оған бала кезде жазғы демалысқа келіп, қаланы аралағанда көз жеткізгенмін. Бұл мегаполисте жоғары деңгейдегі кинофестивальдерден бастап, барлық кеңестік халықаралық іс-шаралар өтетін. Міне, осы себептен кеңестік Шығыстың бет-бейнесіне — Өзбекстанға ауқымды жерлер тиесілі еді, онда басқа да этнос өкілдері өмір сүрді. Самарқанд пен Бұхара – тәжіктер салып, мекендеген әуелгі сарт қалалары. Бірақ оларды да Өзбекстанға берді. Қарақалпақстан, Ташкент іргесіндегі тұтас қазақ облысы… Шымкент пен Түркістанның Қазақстанда қалай және неге қалғаны мені әлі күнге дейін таңғалдырады.
Енді ештеңені қайта қарап талқылай алмаймыз. Ол жайлы тіпті әңгіме де болуы мүмкін емес. Болған іс болды, бояуы сіңді. Бірақ менің Кеңес үкіметінің әрекеттері, ұстанымдары, фавориттері туралы ойлауға толықтай құқығым бар!